Отандық басылымдарда мақала жариялау барысында ескеретін негізгі мәселелер

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да өтіп жатқан ғылым апталығы аясында түрлі тақырыпта семинарлар ұйымдастырылуда.
Университеттегі ғылыми басылымдар бөлімінің басшысы, PhD Бекарыс Нұриман кеше отандық басылымдарда мақала жариялау барысында ескеретін негізгі мәселелер бойынша арнайы дәріс өткізді.
Бүгінде педагогика саласында мақала жариялайтын журналдар саны тым аз. Сәйкесінше, және басқа да көптеген себептерге байланысты зерттеушілер мақаласы жарияланбай, ұзақ мерзім уақытын күтіп жатады. Бұған көбінесе материал сапасы да басты себеп. Ғылыми мақала қалай жазылуы керек, оған отандық және дүниежүзілік басылымдардың талабы қандай? Міне, осы және басқа да сұрақтарға толыққанды жауап берген спикер мақала құрылымына шолу, талдау жасады.
Апталық аясында сондай-ақ, «Жасанды интеллекті академиялық жазу мен зерттеулерде пайдалану» семинары өтті. Семинарды университеттегі жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, PhD Б.Уәлиханова, постдокторант, PhD М. Дүйсенова ұйымдастырып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Білікті ғалымдардың семинарына университет Басқарма мүшесі –ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков қатысып, ортақ мәселелерді және оны шешу жолдарын талқылады.