КӨШЕНІ ТАЗАРТЫП, КӨГАЛДЫ ЖАЙҚАЛТТЫ

 

Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ жұмысшылары Шымкент қаласындағы университет ғимараты орналасқан Ахмет Байтұрсынов пен Ғани Ілияев көшелерінің қиылысқан аумағындағы көше жағалауын тазалады.

Тазалық күнінде жағалаулар сыпырылып, ағаштар әктеліп, арық-атыздар қоқыстан тазартылды. Барлығы 4 жүк көлігі қоқыс шығарылып, аумақты абаттандырды. Сенбілікке инфрақұрылымды дамыту департаментінің еңбеккерлері қатысты.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырып, сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндетін жүктеген болатын. «Аталмыш шара осығай орай алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Тазалық жұмыстарын тұрақты ұйымдастырып, оған еріктілер мен белсенді студенттерді де қамтимыз» дейді департамент директоры Сабыр Маханов.