Докторанттар мен магистранттар қабылданды

2022-2023 оқу жылының қысқы қабылдауы бойынша ОҚМПУ-дың докторантура білім беру бағдарламаларына 3 талапкер оқуға қабылданды. Олардың екеуі мемлекеттік білім тапсырысы бойынша, біреуі ақылы негізде білім алады. Ал магистратура білім беру бағдарламаларына 26 талапкер оқуға қабылданды.

Олардың 12-і мемлекеттік білім тапсырысы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт, 7-і бейіндік бағыт бойынша, 7-і ақылы негізде оқитын болады. Талапкерлердің білім мен ғылым жолындағы ізденістеріне сәттілік тілейміз!