Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру семинары өтті

13-қыркүйек Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары 4-ші жалпыұлттық басымдығының «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық саясаты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» семинары өткізілді.

Семинарға Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор Баршагүл Исабек модераторлық етті. Семинар барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Заң факультеті Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, Ph.D доктор Ермек Бекбосынов баяндама жасады.

Ол еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру, адалдық идеологиясын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Лектор сөз арасында Шымкент қаласы әкімінің өкімімен 4 үлгілік базалық бағыт бағдар тобының құрамы бекітілгенін және ол топтың мақсаты:

- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және квазимемлекеттік сектордағы комплаенсты дамыту болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар ЖОО-да кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.

Осы мақсаттағы кездесулер алдағы таңда жалғасатын болады.