Республикалық пәндік олимпиададан жүлделі оралды!

news_fak_history_images: 

2022 жылдың 22 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ «6В01300 - Пәнсіз мамандандыру мұғалімдерін дайындау» бағыты бойынша ХІІІ Республикалық пәндік олимпиада болып өтті .

Олимпиадаға Тарих және педагогика факультетіне қарасты «6В01300-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар қатысты.

Республикалық пәндік олимпиадада болашақ бастауыш сынып мұғалімдері Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық идеяларын жетік түсінуі, білім алушылардың кәсіби құзыретттіліктері мен даярлық сапаларын анықтау, ғылыми инновациялық әрекет әлеуетін ашу мақсаты  алға қойылды.

         Қазақ және орыс тобы білімгерлерінен құралған команда  көрнекті педагог Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған олимпиадада Ұлт ұстазының бейнесін сомдау арқылы өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсете білді.

Қатысушылар «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының рухани көсемі», «Ахмет Байтұрсынұлы ғылыми еңбектерінің бастауыш білім берудегі маңызы», «Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдерінің өміршеңдігі», «Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады», «Ахмет Байтұрсынов - Ұлт ұстазы» атты кезеңдер бойынша сынға түсіп, жүлделі 1-орын қазақ тобы, 2-орын орыс тобы  иемденді.  

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева Республикалық пәндік олимпиадасынан жүлделі оралған білімгерлермен кездесіп, жеңістерімен құттықтады. Қатысушылар байқаудан алған өз әсерлерімен бөлісті. Қашанда басшылық тарапынан қолдау көретін білімгерлер оқу ордамыздың мерейінің үстем болуына өз үлестерін қосатындықтарын мақтанышпен айтып өтті.