МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ
news_fak_history_images:
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 7М01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау білім беру бағдарламасының Бастауышта оқыту кафедрасының 2 курс магистранты Ордабекова Лайла Хусановна Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бекіткен «30 жылдыққа — 30 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспары аясында Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тірегі» атты этнос өкілдері арасында қалалық байқауына қатысты.
Байқаудың мақсаты — қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен мерейін арттыру. Үш кезеңнен (Сәлемдесу, Өнертаным, Мақал-сөздің мәйегі) тұратын байқауда бас-аяғы 11 қатысушы бақтарын сынады.
Нәтижесінде Ордабекова Лайла Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай этнос өкілдері арасында өткен «Мемлекеттік тіл-тәуелсіздік тірегі» қалалық байқауына белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.