"Мектеппен байланыс"
news_fak_history_images:
2021 жылдың 4-қараша күні Тарих және педагогика факультетінде «Дарынды жас ғалым 2021» тақырыбында ғылыми-семинар өтті. Семинардың мақсаты факультетте даярланатын «7М01301– Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау», «7М01901-Арнайы педагогика мамандарын даярлау», «7М01601 Тарих педагогтерін даярлау» БББ бойынша білім алып жүрген магистранттар мен мектеп мұғалімдері бірлесе отырып мектепте ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін талқылап, тәжірибе бөлісу. Семинар барысында магистранттар мен мектеп мұғалімдері оқушылармен бірлесе жасаған жұмыстарын көпшілікке таныстырып, ғылыми тәжірибе алмасты.
«7М01301– Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін даярлау» БББ магистранты М.А.Абилова «Бастауыш сыныпта ғылыми зерттеу жұмысын педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында баяндама жасады.
«7М01601 Тарих педагогтерін даярлау» БББ магистранты Исмаилова Жадыраның жетекшілігімен Күлтөбе негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы Серикова Айзат «Өзбекәлі Жәнібеков ұлттық рухтың ұраншысы» тақырыбында ғылыми жұмысын таныстырды.
№128 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі А.Қ.Султанованың жетекшілігімен «Люффаны – күнделікті өмірде пайдаланудың жолдары» тақырыбында 3 «А» сынып оқушысы Құлахмет Әмірхан өзінің ғылыми жобасын таныстырды. Әмірхан өз қолымен люффа өсімдігін өсіріп, одан өмірге қажетті заттарды даярлағанын семинар қатысушыларына көрсетті.
Семинарға қатысушы мектеп оқушыларына «7М01901- Арнайы педагогика мамандарын даярлау» БББ магистранттары Ұ.Тұрымбет, М.Изова, Н.Ұласбек, Д Эргашевалар «Үй жануарлары мен төлдері» атты логоритмикалық жаттығулар жасатып сергіту сәтін ұйымдастырды.
Семинар соңында қатысушылар университетіміздің ректоры Г.Д.Сүгірбаеваның атынан берілген дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.