Оқу-әдістемелік жұмыстар

news_fak_history_images: 

15-наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласындағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында "Бастауыш мектеп-білім мен ғылымның бастауы" атты  съезд өтті. 

Съездге ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР БҒМ-нің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық өкілдері, білім басқармасының жауапты мамандары, білім беру ұйымдарының әдіскерлері, ЖОО-ның оқытушылары, біліктілікті арттыру институтының мамандары және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің  бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.к Куанышбаева Зауре Бекенқызы қатысты. 

Съезд жұмысы секция жұмыстары, фасилитация, пленарлық мәжіліс бөлімі болып жұмыс жасады. Панельдік секциялар жұмысында бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру, бастауыш білім берудің әдістемелік жүйесі, білім алушылардың оқу жетістігін бағалау, бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру мәселелері талқыланып, ұсыныстар жасалды.