"Жаңа Қазақстанның тірегі-жалынды жастар" атты форумы өтті

21 қазан күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 25 қазан – Республика күніне орай «Жаңа Қазақстанның тірегі – жалынды жастар» атты жастар форумы өтті.
Форумда туымыз ұлықталып, әнұранымыз шырқалып, модератор, Стратегиялық даму және тәрбие істері жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қашқынқызының құттықтау сөзімен ашылды. Тәрбие істері және жастар саясаты департаментінің басшысы Анарбаев Қайрат Сапарханұлы Республика күнінің тарихи мәнін ашып, қайта жаңғырған мерекенің маңыздылығын атап өтті. Сөз кезегін Жастар ресурстық орталығының басшысы Исахов Мағжан Шыңғысұлы алып, жаңа Қазақстандағы жастардың рөлі жайлы өз ойымен бөлісті.
Оқу ордамыздың 85 жылдығымен тұспа-тұс келген Республика күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жіберген ережеге сәйкес ұйымдастырылған “Менің арманымдағы Қазақстан” тақырыбындағы эссе жарысының жеңімпаздары марапатталды.
I орын Жақсылық Сабина Салимбекқызы - 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 1 – курс студенті ( 1701-32 оқу тобы);
ІІ орын  Ералы Ақмаржан - 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 1 – курс студенті ( 1701-12 оқу тобы);
ІІІ орын Сатбаева Әйкен - 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 2 – курс студенті ( 1701-11 оқу тобы).
 
Орыс тілінде жазылған эссе жеңімпазы:
I орын Муслимова Дарина -  6В01701- Орыс тілінде оқытпайтын мектептерде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 1 – курс студенті ( 1705-72 оқу тобы);
 
Республика күніне арналған “Атамекен” тақырыбында  жазылған диктант бойына жүлделі орын алған студенттер:
1. Момен Аяулым - 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 2 – курс студенті ( 1701-11 оқу тобы);
2. Исмаилова Динара – 6В01901-Арнайы педагогика маманын даярлау білім беру бағдарламасының 2 курс студенті (1901-21 оқу тобы);
3. Төлбасы Балауса -- 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 1 – курс студенті ( 1701-42 оқу тобы);
 
Орыс тілінде жазылған  диктант бойына жүлделі орын алған студенттер:
1. Болат Зилола (филология факультеті, 1702-62 оқу тобы ;
2. Воловинова Виктория (педагогика және тарих факультеті, 1301-80 оқу тобы);
3. Исмаилова Адель (педагогика және тарих факультеті, 1301-80 оқу тобы) ;
Сонымен қатар «Үздік Магистрант» байқауының жеңімпаздары марапатталды.Жүлделі орын алған студенттер мен магистранттарды құттықтаймыз!