Білім алушыларымыз Coursera сертификаттарын иеленді.

ҚР ҒжЖБМ-нің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларына жаппай ашық онлайн курстарыд пайдалану және енгізу бойынша әдістемелік ұсынымдар негізінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің білім алушылары 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде Coursera білім беру платформасында "Communication in the 21st Century Workplace" және "Leading Teams: Developing as a Leader" жаппай ашық онлайн курстарын өтіп жатыр.

Осы бастаманың алғашқы нәтижелері өз көрінісін табуда.Филология факультетінің 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау,6В01703-Шетел тілі:екі шетел тілі мұғалімін даярлау.6В01702-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламалары бойынша "Communication in the 21st Century Workplace"курсын сәтті аяқтап,Coursera сертификатарына ие болды.Құттықтаймыз!!!