Военная кафедра
Заведующий кафедрой
Әскери кафедра бастығы полковник Айтов Алмас Советұлы 1986 жылы Львов қаласындағы жоғары әскери - саяси училищесін бітірген. 2012 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын, 2017 жылы Қазақстан инженерлік – педагогикалық Халықтар достығы университетін (магистратура) бітірді. |
Қызметтік жолы
Еңбек жолын 1986 жылы 46180 әскери бөлімінде клуб бастығы қызметінен бастады.
1991 жылы 26360 әскери бөлімінің әскери-саяси бөлімінде мәдени-көпшілік жұмысы бойынша аға нұсқаушы, 1992 жылы жеке құраммен жұмыс атқару бөлім бастығының көмекшісі болды.
1993 жылы 29495 әскери бөлім командирінің жеке құраммен жұмыс атқару жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
1995 жылы 29108 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары болды.
1998 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясындағы қоғамдық ғылымдар кафедрасының оқытушысы қызметін атқарды.
2001 жылы Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі әскери кафедра бастығының орынбасары, 2002 жылы әскери кафедра бастығы қызметтерін атқарды.
2005 жылдан 2018 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы әскери кафедрасын басқарды.
2018 жылдан бүгінгі таңға дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті әскери кафедрасының бастығы.