Ғылыми тағылымдамаға қатысушы үміткер шетел жоғары оқу орындарына бару үшін арнайы ұйымдастырылған ағылшын және түрік тілі бойынша емтихан тапсырады. Қатысушыға ағылшын немесе түрік тілінің бірін таңдау құқығы беріледі. Іріктеу емтиханы екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең – тестілеу
Өтетін күні: 29.12.2022 жыл, сағат: 9:00, 236-ауд (бас ғимарат).
Екінші кезең – сұхбаттасу
Өтетін күні: 05.01.2023 жыл, сағат: 11:00, 236-ауд (бас ғимарат).
Ғылыми тағылымдама бойынша шетел жоғары оқу орнындарына іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер ғана жіберіледі.
Іріктеу емтиханына қатысушыларға қойылатын талаптар:
өтініш (форма бойынша);
фотосурет 3*4 (2 дана);
жеке куәліктің көшірмесі;
ҚР азаматының паспортының көшірмесі;
GPA орташа балы барлық оқу кезеңінде 3,33-тен төмен емес (егер конкурста тілдік деңгейі бірдей болған жағдайда GPA орташа балы ескеріледі) және ағымдағы оқу үлгерімі жөніндегі транскрипт (мөрмен бекітілген түпнұсқа);
ғылыми басылымдарда жарияланымдарының болуы;
өткен академиялық кезеңдегі ғылыми конференцияларға қатысу; - шетел тілін меңгеруі (шет тілінен халықаралық сертификаты болған жағдайда IELTS, TOEFL, YUNUS EMRE, TOMER, яғни, В1 және одан жоғары болғанда шетел тілі білімінің деңгейін анықтайтын емтиханнан босатылады).
@okmpu.kz
@rector_okmpu
#оқмпу #оқмпу85