Institute of postgraduate education

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының докторанттары Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының 8D01702 – Орыс тілі мен әдебиеті педагогін даярлау ББ докторанттары Кожахметова Сауле Намазбаевна, Мейірбек Нұрсәуле Құрышқызы 14.11.2022ж.-15.12.2022ж. аралығында Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдама барысында шетелдік ғылыми кеңесшілерінен докторлық диссертация жұмыстары бойынша кеңес алып, бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауда. Сонымен қатар университеттің ғылыми-техникалық базасымен танысып, Ленин атындағы кітапханадан өздеріне керекті мәліметтер қарап, профессорлардың сабақтарына қатысып тәжірибе алмасуда.