"Үздік магистрант - 2023"
Байқау шарттары ❗️❗️❗️
1.Қатысу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын (қатысушы өзі таңдайды);
2.Байқауға қатысу үшін Google форма арқылы өтініштер 01.11 қарашаға дейін қабылданады. (қатысушыларға ыңғайлы болуы үшін сілтеме профильдің шапкасында бекітілген болады;
3. Байқауға қатысушы Instagram аккаунтында 01.11 қарашаға дейін (қоса алғанда) жобасын қысқаша баяндайтын ұзақтығы 2 минуттық видеоролик публикациялап, посттың сипаттамасына #ОҚМПУ хэштегін, қатысушының аты-жөні, тобы, телефон нөмірі көрсетілуі керек. Сонымен қатар okmpu.zhookbbi парақшасына тіркеліп, постта okmpu.zhookbbi парақшасын қосалқы автор түрінде міндетті көрсетуі керек;
4.Магистранттар өзекті ғылыми жоба дайындайды. Жоба 15-тен 20 бетке дейін. Жоба келесідей бөлімдерден тұруы керек:
- Тақырыптың өзектілігі
- Мақсаты міндеті
- Зерттеу әдісі
- Зерттеу нәтижелері
- Қорытынды
5. Ақтық сынға (финалға) шыққан қатысушылар 2023 жылы қараша айында конкурстың 2-ші этапы ғылыммен айналысудың маңызы және өз жобасы жөнінде баяндайды (15 мин);
6. Жеңімпаздар okmpu.zhookbbi Instagram ресми парақшасында жарияланады және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқауға ОҚМПУ магистранттарының барлығы қатыса алады;
7. Жүлде қоры
1-орын 300 000 тг
2-орын 200 000 тг
3-орын 100 000 тг