Институт послевузовского образования

ОҚМПУ 85 жылдығына орай магистранттар арасында «Үздік магистрант-2022» атты байқау

Байқау шарттары

1) Қатысу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын (қатысушы өзі таңдайды);

2) Байқауға қатысу үшін мына сілтеме https://forms.gle/zwaecJ39gBnw8iRWA арқылы өтініштер 17 қазанға дейін қабылданады (қатысушыларға ыңғайлы болуы үшін сілтеме профильдің шапкасында бекітілген болады;

3) Байқауға қатысушы Instagram аккаунтында 17 қазанға дейін (қоса алғанда) жобасын қысқаша баяндайтын ұзақтығы 2 минуттық видеоролик публикациялап, посттың сипаттамасына #ОҚМПУ85 хэштегі, қатысушының аты-жөні, тобы, телефон нөмірі көрсетілуі керек. Сонымен қатар okmpu.zhookbbi парақшасына тіркеліп, постта okmpu.zhookbbi парақшасын міндетті түрде белгілеуі керек;

4) Магистранттар өзекті ғылыми жоба дайындайды. Жоба 15-тен 20 бетке дейін. Жоба келесідей бөлімдерден тұруы керек:

-Тақырыптың өзектілігі

-Мақсаты міндеті

-Зерттеу әдісі

-Зерттеу нәтижелері

-Қорытынды

5) Жеңімпаздар 2022 жылғы 21 қазанда TedX форматында  OKMPU-Talks жиынында ғылыммен айналысудың маңызы және өз жобасы жөнінде баяндайды (15 мин);

6) Жеңімпаздар okmpu.zhookbbi Instagram ресми парақшасында жарияланады және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқауға ОҚМПУ магистранттарының барлығы қатыса алады;

7) Жүлде қоры

1-орын 300 000 тг

2-орын 200 000 тг

3-орын 100 000 тг