ОҚМПУ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының (ЖООКББИ) 8D01503 – Информатика педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Каратаев Нурлан Сагынбекович педагогикалық практикадан өту барысында 1503-19а оқу тобына «LEGO роботтарында тетіктерді қолдану. Әрекеттер блоктары» атты ашық сабағын өткізді. Ашық сабақ барысында Робототехника курсының LEGO EV3 жинағының негізгі датчиктері және элементтерімен танысты, сабақ соңында сұрақтарға жауап беріп ашық сабақ мазмұнын қорытындылады. Сабаққа педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, практика жетекшісі Нурмухамбетова Гулира Кенжеевна, ЖООКББИ директорының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Косауова Акерке Колдасыновна және ЖООКББИ бас маманы Козгамбаева Салтанат Бестибаевна сабақ соңында талдау жүргізіп, оң бағасын берді.