Педагогика кафедрасы
Кафедра тарихы
Педагогика кафедрасы
|
160012, Түркістан облысы, Шымкент қаласы А. Байтұрсынов көшесі, 13 |
|
«Б» корпус Тарих және педагогика факультеті офис: 305, 316 каб. |
|
|
|
8 (7252) - 745 |
|
okmpu_pedagogika
|
Педагогика кафедрасы
Тарихы: Тарих және педагогика факультетіне қарасты «Педагогика» кафедрасы өз алдына дербес құрылым ретінде Шымкент педагогикалық институтының құрамында 1937ж. ашылған.
2011-2012 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Кеңейтілген ғылыми кеңесінің шешімімен № 1, 29.08.11ж. «Педагогика» кафедрасы болып құрылды.
Қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі қызметін атқарған ғылым докторлары мен кандидаттары: А. Ошқаров, Б. Нұрлыбеков, Н. Сейтішев, Н. Айғабылов, Ж.Махашев, Т.Р. Нурмаханбетова, Ж. Ысқақов, У. Жарқынбеков, К.Н. Қаражігітова, І.С. Сманов, С.С. Тілеуова, М.Е. Сыдыков, А.Қ. Оралбекова.
Қазіргі таңда, кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Ы. Алтынсарин», Білім беру саласындағы айрықша еңбегі үшін «Ұлағатты ұстаз» төсбелгілерінің иегері, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері Ш.Ж. Арзымбетова басқарады.
«Педагогика» кафедрасы 2011 жылдан 2021 жылға дейін «5B012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандарын даярлап, қазіргі таңда «6В01801- Әлеуметтік педагогтарды даярлау» білім беру бағдарламасын жүзеге асырады, сонымен қатар университеттің барлық факультеттерінде «Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі» пәнінен магистранттар мен докторанттарға Қазақстан Республикасының ғылымы мен біліміне сүбелі үлес қосып жүрген А.Ш. Доспенбетова, К.Н. Қаражігітова, А.О. Оразова, Ш.Ж. Арзымбетова, Л.П. Әбішева, Ж.Ж. Қуатова, К.И. Махмутова, А.С.Ортаева, А.К. Оралбекова сынды жетекші ғалым-педагогтар сабақ береді.
Қазіргі кезеңде: Кафедра құрамы «Ы. Алтынсарин», «Ұлағатты ұстаз», «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атақтарын иеленген білімді ұстаздар қауымынан құралған.
Кафедрада сабақ жүргізетін профессор оқытушылардың ғылыми дәрежесі бар, құзыреттілігі жоғары білікті мамандар: п.ғ.к., профессор К.Н. Қаражігітова, п.ғ.д., профессор А.Ш. Досбенбетова, п.ғ.к., профессор Ш.Ж. Арзымбетова, п.ғ.к., доценттер Л.П. Әбішева, А.О. Оразова, Ж.Ж.Қуатова, К.И. Махмутова, PhD докторлары А.С. Ортаева, А.К. Оралбекова, магистр, аға оқытушылар Н.Шарапова, А.Т. Мамбетова, магистр-оқытушылар Ә.О. Естаева, М.П. Сарман, А.Ғ. Тоқтасынова, С.Л. Махмудова, Г. Таңатарқызы қызмет атқарады.
Кафедрада 1 ғылым докторы, профессор, 6 ғылым кандидаты мен доцент, 2 PhD докторы, 2 аға оқытушы, 5 магистр-оқытушылар еңбек етуде. Кафедра магистранттары Әтем Маржан Нұрланқызы мен Сүлеймен Мадина Маратқызы қазіргі таңда жетекші жоғары оқу орны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де "Әлеуметтік педагог" білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада білімдерін жетілдіруде.
«Педагогика» кафедрасының оқытушылары оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарының авторлары ретінде республикаға танымал ғалымдар. Кафедрадағы ғылыми-әдістемелік жұмыс әр оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының мақсат-міндеттерін анықтаудан басталып, ғылыми түрде ұйымдастыру, оқу-тәрбие жұмыстарының орындалуын қадағалап, жүзеге асырумен, атқарылған жұмыстарға талдау - сараптама жасаумен жалғасады. Байқап көру, озық технологияларды оқып үйрену және оқу үрдісіне ұтымды енгізу, Президент жолдауларын, білім беру бағдарламаларын сапалы жүзеге асыру жолында кафедра ұжымы әрқашан шығармашылық ізденіс үстінде. «Педагогика» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып келеді. Атап айтқанда профессор Ш.Ж. Арзымбетова, Валенция (Валенция, Испания) университетінде, PhD докторыА.К. Оралбекова Түрік мемлекеті Анкара қаласы, Гази университетінде, Ресей Федерациясы, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында, М.Сүлеймен Қытай мемлекеті, Гонконг қаласы, Гонконг университетінде, Ә.О. Естаева Казан Федералдық Университеті (Татарстан), А.Ғ. Тоқтасынова Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласындағы Ресей бірінші президенті Б.Н. Ельцин атындағы Урал Федералды университетінде, біліктіліктерін жоғарылатып келді.
Кафедра оқытушылары ҚР МЖМБС ұсынылған, студенттер, білім беру бағдарламасын жүргізетін мамандар белсенді қолданатын оқулықтар, оқу құралдар, монографиялар құрастырып, баспаға шығарды. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы кафедраның ғылыми-әдістемелік жұмысына белсене атсалысып келеді және ұйымдастырушылық қабілеттері өте жоғары. Дәріс беру барысында және студенттермен өткізілетін әлеуметтік-педагогикалық мазмұндағы іс-шараларда оқытудың инновациялық технологияларын тиімді пайдаланады. Жыл сайын өтетін Республикалық пән олимпиадасына университет атынан команда дайындап, студенттердің теориялық білімдерін жетілдіріп, оларды практикалық тұрғыда көрсете білуге дағдыландырады. Кафедра дайындап жатқан мамандық түлектері 100% жұмыспен қамтылуда.
Келешегі: Әлеуметтік педагог мамандарын даярлау білім беру бағдарламасының 1-4 курс білім алушылары мамандық бойынша жұмыс бағыттарымен кеңінен танысу мақсатында «Ана үйі» қоғамдық қорының Түркістан облысы бойынша Шымкент қаласында орналасқан филиалына, «Жасөспірімдер үйі» орталығына, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесіне, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмысының барысымен танысып, мамандармен сұхбаттасып, еріктілік қызметтер (волонтер) атқарып жатыр. Академиялық ұтқырлыққа байланысты отандық және шетелдік университеттермен қарым-қатынаста. Кафедрада ПОҚ мен студенттердің зерттеу жұмыстары бірнеше республикалық, олимпиядаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып отырады.
Мамандықтың ерекшелігімен қатар жетістіктері де өте көп. 2021 жылы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламасы АРТА (Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі) еліміздегі педагогикалық мамандықтарды даярлайтын ЖОО арасында бірінші орынды иеленген. Бітірушілерге арналған Ұлттық Біліктілікті тестілеу бойынша бітіруші студенттер тестті 100% тапсырып, педагог-модератор атанып, жұмысқа орналасуда. Университетте кафедралар арасында өтетін іс-шаралар студенттердің шығармашылыққа деген қызушылықтарын арттырады және бітірушілер мамандықтардың қыр сырын меңгеріп қана қоймай, еңбек әрекетін саналы түсінуі мен сезінуіне және өз мамандығына деген қызығушылығының қалыптасуына жағдай жасайды.
Білім ошағында өскелең ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыруда, оларды өнер білімге, отансүйгіштікке баулуда кафедра ұжымының табысы мен жүргізіліп жатқан кешенді жұмысы жақсы жақтардан көрініс тауып отыр. 85 жыл бойы кафедра білім беру саласындағы жоғары дәрежелі, білікті мамандарды шығарып келеді. Біздің түлектер тек мемлекеттің түкпір-түкпірінде ғана емес, сондай-ақ, шет елдерде де қызмет жасайды. Бүгінгі таңда, кафедра «6В01801 – Әлеуметтік педагогтарды даярлау» бағыты бойынша рухани бай, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті кадрларды даярлауда.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық тұжырымдамасы негізінде білім беру бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлықтың әлемдік білім беру кеңестігінің талаптарына жауап беретіндей негізгі бағыттары анықталды. Әлеуметтік әріптестік байланыстар арқылы кадрларды даярлау үшін шетелдік және Қазақстандық жоғары оқу орындарымен келісім шарттар жасалынды. Қазіргі уақытта алыс шетелдердің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық орнатудың және білімгерлердің, оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамытудың жаңа жолдарын іздестіру белсенді жүргізілуде. Атап айтсақ, Ресей Федерациясындағы Томск мемлекеттік педагогикалық университеті және Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, Түркия мемлекеті Гази университеттерімен келісім шарт орнатылды. Оның мақсаты жоғарғы білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сайкестендіру арқылы жоғары білімнің еуро аймаққа кіруін қамтамасыз ету болып табылады. ОҚМПУ-да бұл байланыс бойынша студент алмасу қарастырылған. Мұнда білім беру мазмұнының сәйкес келуі көзделді. Осыған орай «Әлеуметтік педагогтарды даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білімнің әрбір деңгейінің білім бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттің алған білімінің көлемі мен денгейін, біліктілігі мен құзыреттілігін сипаттайтын Дублин дискрипторлары білім беру нәтижелеріне, қалыптасқан құзіреттілікке, сонымен бірге ECTS кредитті бірліктерінің санына негізделген.
Болашақта «7М01113-Білім берудегі менеджмент» мамандығы бойынша магистратура, «8D01101-Педагогика және психология» мамандығы бойынша доктарантура ашу жоспарланып отыр. Соңғы оқу жылының қорытындысы бойынша «Педагогика» кафедрасы жұмыс бағыттарының жоғары көрсеткішімен университет кафедраларының арасында 1 орынға шықты. Педагогика кафедрасы университеттің барлық студенттер контингентін қамтитын ОҚМПУ-дың негізгі және жетекші кафедрасы ретінде және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуы үшін заманауи білім беру жүйесінің сұраныстарына жауап беруге ұмтылады.