БАУЫРЖАН ИСАЕВ — БІЗДЕ ҚОНАҚТА!

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде композитор Шәмші Қалдаяқов пен  Нұрғиса  Тілендиевтің шығармашылығына арналған  музыкалық-поэтикалық  композиция өтті.  
Іс-шара  қазіргі музыкалық  мәдениеттің дамуы контекстінде қос композитордың шығармашылық  ізденістерінің көркемдік-музыкалық  негіздерін  зерттеуге арналды. Педагогика ғылымдарының докторы,  профессор  Роза Сыдықова  ұйымдастырған  кешке  шәкірті,  танымал әнші,  «Азия дауысы» халықаралық  конкурсының  Гран-при иегері Бауыржан Исаев,  Шымкент опера театрының солисі,  «Русская романсиада» халықаралық  вокал  байқауының  лауреаты Ерасыл Зауытбек  қатысып, құрметті қонақ болды. 
Музыкалық  композицияда  университеттің өнер және білім факультетінің студенттері концерттік бағдарлама ұсынды.  Концерт соңы танымал әншімен  сұхбатқа ұласып, студенттер көкейдегі сұрақтарына жауап алды.