ХИМИЯ ПӘНІНЕН  — ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДА 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде химия пәнінен қалалық олимпиада басталды.  Білім сайысы 10-11 сынып мектеп оқушылары арасында  ұйымдастырылған. 
Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік  істер  жөніндегі проректор  Баршагүл Исабек қатысып,  үміткерлерге сәттілік тіледі. Ал, химия кафедрасының меңгерушісі Бибігүл Шағраева жарыс ережесімен  таныстырды. 
Қатысушылар алғашқы кезеңде  бейорганикалық химия мен органикалық химия курсы бойынша 5 есеп шығарады.  Ал,  екінші кезеңде бейорганикалық химия, органикалық химияның бөлімдері бойынша тест тапсырмаларын орындайды.  
Олимпиадаға қатысқан  оқушыларға  Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-ға оқуға шақыру бойынша кәсіптік  бағдар жұмыстары жүргізілмек.  Жарыс жеңімпаздарын  қосымша хабарлайтын  боламыз.