ЖАСТАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Жаңадан оқу бітірген жас маман қалай жұмысқа орналаса алады? Ол үшін қайда және қандай құжаттар тапсыруы тиіс? Елімізде жастар саясаты қалай жүзеге асады? Осы және басқа да сұрақтарға бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттері нақты және тұшымды жауаптар алды.

Жастар ынтымақтастық күніне орай ұйымдастырылған семинар-тренингке «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Заманбек Орынбеков, «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Бекзат Төлебай, «Төлем» ЖШС басқарушы директоры Сейдулла Исмайлов және Тұран ауданының еңбек мобильділігі орталығының мамандары қатысты.

Заманбек Оралбекұлы семинар-тренингте жастарды өзара бірлесіп жұмыс істеуге және орталық тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізіп, мекеменің міндеттерімен, атқаратын жұмыстарымен кеңінен түсіндірді. Студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

ЖАСТАР