ОҚПУ СТУДЕНТТЕРІ БАСКЕТБОЛДАН ІІ ОРЫНДА

Түркістан  қаласында  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен  ЖОО арасындағы  «Студенттік спорт лигасы» жалғасуда. 
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті  командасы Оңтүстік аймақтық  ойындарында баскетболдан  жалпыкомандалық есепте ІІ орын  алды. 
Команда құрамындағы ойыншылар  — Арынов Бекзат,  Никитин Артем , Бахдилла Даниал,  Жайылхан  Санжар. Жетекшісі — ҚР спорт шебері,  аға оқытушы Виктор Сотов. 
Жеңімпаздарды университет Басқарма мүшесі-Стратегиялық  даму және әлеуметтік  істер жөніндегі проректор  Баршагүл Исабек қабылдап, жетістігімен  құттықтады.