ШЕТЕЛДЕ ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕР ІРІКТЕЛДІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен  шетелде оқитын студенттерді іріктеу комиссиясының отырысы өтті. 
Іріктеу конкурсына барлығы 70-тен астам өтініш келіп түсіп,  оның ішінде  үздік деп танылған 30 студенттің өтініші комиссия отырысында қаралды. Қорытынды шешім жуық арада жарияланатын болады. 
Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттерінің Польша, Чехия, Түркияның жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндіктері бар. Комиссия отырысы  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 15 ақпандағы №62 «2024 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы орындардың санын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізілді.