БІРІНШІ ОРЫН — ОҚПУ-да!

Қостанай қаласында XYI республикалық пән олимпиадасы өтті. 
Студенттер арасында білім және тәжірибе алмасу мақсатында өткен  сайыста Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ спорт факультеті, денешынықтыру теориясы мен әдістемесі кафедрасының білім алушылары жалпыкомандалық  есепте бірінші орынды жеңіп алды. 
Мектеп  бағдарламасына енгізілген волейбол,  баскетбол сияқты спорт түрлері мен жалпы дене дайындығы бағытында болған  сайысқа қатысушылар  интеллектуалды ойындар мен спорт саласында ғылыми жобаны қорғау бойынша бақ сынасты. Республикалық бәсекеге барлығы 12 ЖОО қатысқан. 
Жеңімпаздарды бүгін  университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін  уақытша атқарушы Гүлжан  Сүгірбаева қабылдап, жеңісімен  құттықтады.