Climate Talks Shymkent I жастар диалогы өтті

Өзбекәлі  Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Дүниежүзілік жер күніне» орай оқыту семинары өтті. Семинарға 40-қа жуық жас қатысып, қазіргі климаттық жағдайдың бұзылуы жөнінде сабақ алды.
Қоршаған ортаның тазалығы мен экологиялық мәселелері және оның алдын алу туралы ой бөлісіп, түс қайта дендросаябақта ағаш егу дәстүрімен жалғастырды. 
Іс-шараға оқу ордамыздың және қаланың ерікті жастары, Чехияның Палацк университетінен келген  білім алушылар да қатысты.
Іс-шара барысында дендросаябақ аумағына семинар қатысушыларымен 50-ге жуық ағаш көшеттер отырғызылды. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Бақтияр Әлтайұлы экологиялық акцияға қатысқандарға алғыс білдіріп, «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуға шақырды.