Биология бағдарламасы бойынша XVI Республикалық студенттік пән олимпиадасы қорытындыланды 

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Биология мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық студенттік пән олимпиадасы қорытындыланды. 
Салтанатты марапаттау кеші концерттік бағдарламамен  ашылды.  Көрермендер  назарына университет жанындағы арнайы үйірме жетекшілері мен  студенттерінің орындауында әсем ән мен  тәтті күйлер  шырқалды.  
Жеңімпаздарды университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін  уақытша атқарушы Гүлжан  Сүгірбаева  құттықтау сөзбен  қорытындылап,  арнайы алғыс хат пен сертификаттармен  марапаттады.  
XVI Республикалық студенттік пән олимпиадасының жеңімпаздары  төмендегідей болып  анықталды. 
Жеке орындар бойынша:
1 орын: Әбдиева Нұрайлым – Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
2 орын:  Серікпай Мұхаммедәлі– Астана Халықаралық университеті
2 орын: Базылтай Нұрлан  – Астана Халықаралық университеті
3 орын: Қалысбек Дариға - Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
3 орын: Заиров Райымбек - Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
3 орын:  Голубков Иван Викторович — Е. А. Букетов атындағы Қарағанды университеті 
Командалық орындар бойынша:
1 орын: Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті – Голубков Иван, Байрамова Самира 
2 орын: Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті – Базарбаева Дильназ, Губайдуллина Александра 
3 орын: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті – Әмірова Аружан, Қожақметова Шырын 
3 орын: М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті – Токпаева
Данел, Әбішева Еркежан  
3 орын: Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті – УмбеттулаАяулым Ерғалиқызы, Әділжан Жұлдыз Маратқызы