Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ұжымы жақында су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қайырымдылық үшін бір күндік жалақысын аударған еді. Бұл қаражат Арқалықтағы суға кеткен аймақтардан келген, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының 21 студентіне көрсетілді. Студенттердің әрқайсысына 300000 (үш жүз мың теңгеден) әлеуметтік көмек беріліп, университеттің есепшотына аталған қаржы аударылған болатын.
Жақында Арқалықтағы әріптестеріміздің атынан институт Басқарма төрағасы-ректоры Ержан Әмірбеков ризалығын білдіріп, арнайы алғыс хат жолдады. Алғыс хаттың толық мәтінін назарларыңызға ұсынып отырмыз.