ТАЛДЫҚОРҒАН ДОСТЫҚ МЕКТЕБІНЕН ОҚУШЫЛАР КЕЛДІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне «Ашық есік күндері» аясында Талдықорған қаласының «Dostyq School Taldykorgan» мектебінің оқушылары келді. Оқушыларды Маркетинг департаментінің директоры Арман Қылышбаев күтіп алып, Өзбекәлі Жәнібеков орталығында кәсіптік бағдар жүргізді.
Іс-шарада университет туралы бейнеролик көрсетілді. Арнайы парақшалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар математика, физика, информатика, химия, биология дәрісхана-зертханаларымен танысты.
Сонымен қатар, кітапхананы, дене шынықтыру және спорт факультеті, тарих және педагогика факультеттерін аралап көрді.