ЖАМБЫ АТУДАН ҮШІНШІ ОРЫН

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті физика-математика факультетінің 1-курс студенті, университетіміздің мақтанышы Балнұр Нұран Шымкент қалалық денешынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған жарыста жүлделі үшінші орынды қанжығаға байлады.
Наурыз мерекесіне орай өткен қалалық ұлттық спорт сайысында Балнұр жамбы ату бойынша бақ сынады.
Біз Балнұрдың алдағы уақытта бұдан да биік жеңістерді бағындыратынына сенеміз және жүлде құтты болсын дейміз.