НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ СПОРТ ЖАРЫСЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде студенттер арасында Наурыз мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтуде. Қатысушылар арқан тарту, ләңгі тебу, асық ату, қол күресі, кір тасын көтеру сияқты ұлттық ойын түрлері бойынша сайысуда.
Жарысты денешынықтыру және спорт факультеті мен "Тұран" спорт клубы ұйымдастырды. Ұлттық ойын түрлерінің ашылу салтанатына университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі. Ал, жеңімпаздар арнайы сертификатпен және қаржылай сыйлықпен марапатталады.