ЖҰЛДЫЗ ӨЗБЕКӘЛІҚЫЗЫ — БІЗДЕ ҚОНАҚТА

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне мемлекет және қоғам қайраткерінің қызы Жұлдыз Өзбекәліқызы арнайы келді.
Асылдың сынығын университет Басқарма төрағасы-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы орталық басшысы Эльмира Оразбаева тұлғаға арнап атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Өзбекәлі Жәнібековтің немере-шөберелерін ала келген Жұлдыз Жәнібекова «Маған әкемнің білмейтіні жоқтай көрінетін, өте ғажап адам еді. Білімінің тереңдігі соншалықты, энциклопедия сияқты. Өте сауатты, жан-жақты адам болды» деп еске алады әкесін тектінің ұрпағы.
Баршагүл Қашқынқызы құрметті қонаққа университет атынан сый-сияпат табыс етті. Ал, ертең оқу орнымызда Өзбекәлі Жәнібековке арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.