Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының 7М01505-Биология педагогін даярлау ББ 2 курс магистранты Суйеуов Нурлан Касымович Республикалық “Үздік педагог-2022” байқауының жеңімпазы атанды.
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов салтанатты жиында үздіктерге диплом табыс етті.
Байқаудың республикалық кезеңінде аудандық, қалалық және облыстық кезеңдердің қорытындысы бойынша 123 мұғалім «Үздік педагог – 2022» атағы үшін сынға түсті. Байқаудың барлық кезеңін цифрландырудың арқасында биыл байқауға мұғалімдердің рекордтық саны, яғни 5,5 мыңнан астам мұғалім қатысты. Өтініш берген сәттен бастап үміткерлер байқаудың динамикасын онлайн бақылау мүмкіндігіне ие болды. Олар қатысушылар қай кезеңде, қандай ұпайлар қойылды және т.б. бақылай алды.
Магистрантымызды жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!