Бүгін 17.11.2022 күні ОҚМПУ Қазақстан мәжіліс залында "Қаржы орталығы" АҚ-ның маманы М.С. Байсеркешованың, ОҚМПУ Маркетинг және мансап департаменті директоры Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы, ОҚМПУ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Жылысбаева Аққоңыр Нұрділләқызы және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын магистранттар мен докторанттардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысымен бекітілген Жас мамандардың еңбек өтілі бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жиын барысында еңбек өтілі бойынша магистранттар мен докторанттарды ережелері мен қағидаларды таныстырылды. Магистранттар мен докторанттар еңбек өтілі бойынша толғандырған сұрақтарын қойып, жауап ала алды.