Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті төмендегі лауазымдарға конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды:
- Маркетинг департаментінің директоры;
- Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры;
- Ғылыми зерттеулер департаментінің директоры;
- Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы көпсалалы колледж директоры;
- Медиаорталық басшысы;
- Өзбекәлі Жәнібеков орталығының басшысы;
- «Мейірім» жастар денсаулық орталығының басшысы;
- Академиялық артықшылық және коммерциализация орталығының басшысы;
- Қоғамдық кәсіптер орталығының басшысы;
- Техникалық және бағдарламалық қызмет көрсету орталығының басшысы;
- Үздіксіз білім беру орталығының басшысы;
- «Тұран» спорт клубының басшысы;
- Ғылыми зерттеулер офисінің басшысы;
- Интернационалдандыру офисінің басшысы;
- Оқу процесін цифрлық және әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы;
- Аккредитация және мониторинг бөлімінің басшысы;
- Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы;
- Ғылыми басылымдар бөлімінің басшысы.
Бөлім басшының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары кәсіби білімі және мамандық саласы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» , «Ғылым туралы» , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда).
Өтінішке қосымша мына құжаттарды тапсырады:
- Басқарма төрағасы-Ректордың атына өтініш;
- Үміткердің электрондық форматтағы анкетасы (профессороқытушылар құрамы үшін);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты; - Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
- Еңбек қызметін растайтын құжат (кадрлық есепке алу жөніндегі жеке парақ және 3х4 сурет);
- Соттылығы жоқ туралы анықтама;
- Ғалым хатшы куәләндырған ғылыми еңбектер мен өнер табыстар тізімі (соңғы 5 жылғы);
- Шет тілдерін меңгергені туралы сертификаттар (бар болған жағдайда);
- Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түп нұсқалары (соңғы 5 жылғы);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама);
- №272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Өмірбаян.
Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.
Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 120 кабинет (Казпочта арқылы), info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны: 87789028076, 30-14-59 (кадр бөлімі).
Құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты: 8.12.2023ж., сағат 15.00-ге дейін.
Конкурс өткізілетін күні мен орны: Хабарланады!