"ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ" СЕМИНАРЫ ӨТТІ

         2023 жылғы 31 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Эпиграф» баспасының мамандары "Қазақстандағы цифрлық білім" тақырыбында семинар өткізді. Семинардың алғашқы лекциясы кітапхананың электронды оқу залында кітапханашылар мен референттерге, ал екінші бөлімі Мұхтар Шаханов дәрісханасында оқытушы-профессорлар құрамына оқылды. Мамандар мультимедиялық оқулықтармен және электронды кітапхананың порталында қашықтан жұмыс жасауды үйретті. Семинарға қатысушыларға сертификат берілді.

           «Эпиграф» баспасы Мультимедиялық электронды оқулықты әзірлеуші отандық алғашқы баспалардың бірі. Қазақстан бойынша білімді автоматты түрде басқаратын электронды оқулықтарды жылдам әзірлеу және іздеуде 7 жылдық тәжірибесі бар. Бұл зияткерлік өнім ҚР БҒМ қажетті электронды оқулыққа қойылатын барлық талаптарына сәйкес келеді. «Эпиграф» баспасы әзірлеген технология жақын арада Қазақстан Республикасы Білім министрлігі көлемінде пайдалануды көздейді.

         «Эпиграф» баспасының деректер базасында ұсынылған барлық оқулықтар мен оқу құралдары, қазақ авторлары жазған республика көлемінде және жетекші отандық «Эверо» баспасында жарық көрген. «Эверо» баспасы Қазақстан нарығындағы 21 жылдық тәжірибесі бар және «Еуропалық сапа» сыйлығының иегері, «Королева Виктория, «Қазақстанның Құрметті азаматы» сонымен қатар «Сала көшбасшысы» сыйлықтарының иегері. «Эпиграф» баспасының мультимедиялық оқулығы – Қазақстанда жасалған жаңа буын оқулықтары болып табылады. http://res.epigraph.kz