ОҚМПУ ресми делегациясының сапары жалғасуда

ОҚМПУ ресми делегациясының Түркия сапары Анкара университетімен жалғасын тапты.

Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың Самарқанд саммитіндегі жоғары оқу орындарының бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру ұсынысын қолдау мақсатында 24 Қараша 2022 жылы Шымкентте ОҚПМУ-да Анкара университеті ректоры Профессор Неждет Үнівардың ресми сапары аясында екі оқу ордасы арасында академиялық және ғылыми зерттеу бағыттары бойынша ынтымақтастық және әріптестік меморандумына қол қойылған болатын.

Аталған меморандум аясында Түркияға арнайы барған делегацияны Анкара университетінің ректоры Профессор Неждет Үнівар және Гази университеті ректоры Профессор Мұса Йылдыз қарсы алды.

Кездесу Анкара университетімен танысудан басталып, екі жақты ынтымақтастық және әріптестік бағыттарын талқылаумен жалғасты. Анкара университеті Сенат мүшелерінің қатысуымен өткен алқалы жиында, ортақ жұмыстар мен жоспарлар ұсынылып, нақты мақсаттар белгіленді. Сонымен қатар, магистратура білім беру деңгейі бойынша екі қосдипломды БББ жаңа оқу жылынан іске асыру бойынша келісім жасалды.

Жиын соңында 26.12.2022 күнгі Анкара университетінің Басқару кеңесінің шешімімен ОҚМПУ Басқарма төрағасы-ректор, т.ғ.к., доцент Гүлжан Сүгірбаеваға Қазақстан мен Түркия арасындағы достық, бауырластық қарым-қатынастарды және Университеттер арасы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін “Анкара Университеті Достық және серіктестік" құрмет нышаны табысталды.