«Мұхтар Шаханов оқулары» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановтың шығармаларын насихаттау мақсатында өткен «Мұхтар Шаханов оқулары» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау қатысушылары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаеваның атынан 2 бағыт бойынша марапаттар алды.

М.Шахановтың сөзіне жазылған және сазгерлік әндерін орындау байқауынан

1-орын Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Сәрсенбайұлы Марлен,

2-орын ОҚМПУ студенті Абілдабек Абзал,

3-орын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Рзаханұлы Мұхаммед

Ақын шығармаларынан мәнерлеп үзінді оқу байқауынан

1-орын Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтының студенті Идрейсова Динара,

2-орын Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Әуесбек Айғаным,

3-орын Семей қаласы Ә.Бөкейхан университетінің студенті Рымбекова Зарина қанжығасына байлады.

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, көркем шығармаға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлт әдебиетін ұлықтауға, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған осындай байқаулар алдағы таңда жалғасатын болады.