АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ДӘРІСХАНАЛАР АШЫЛДЫ

        Бүгін 1-желтоқсан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерейтойына орай «Қазына» ғимаратында Тарих және педагогика факультетінің ұлағатты ұстаздарына арналған  мемориалдық дәрісханалар ашылды. Салтанатты рәсімге университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева және факультет ұжымы, ұстаз-ғалымдар мен шәкірттер қатысты.

     Айтілеу Алдабергенов, Қойшыбай Сапарбаев, Егемберді Ағманов, Жұмағали Мақашов, Надежда Кутнякова, Спабек Наурызбаев, Николай Подушкин, Рсымбет Бекназаров, Сәбит Жолдасов, Қаракөл Ізтілеуов, Зиядин Исабеков, Мүсір Ауанасов, Малик-Хайдар Асылбеков, Сағынғали Әбубәкіров, Динара Күмісбекова сынды саналы ғұмырын оқу-ағарту ісі мен жастар тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздарды бүгінде ізін жалғастырушы әріптес-шәкірттері ұлықтап еске алуда.