МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН “ҒАШЫҚТЫҚ ҒАЛАМАТЫ” АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

Бүгін 30-қараша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстанның халық жазушысы, ақиық ақын, халық қаһарманы Қасым Қайсеновше айтсақ «таза ақындық пайым-парасат пен ұлттық санаға терең тамыр жіберген, жалғандыққа жаны қас, шыншыл түйсік» иесі Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған “Ғашықтық ғаламаты” атты әдеби-сазды кеш өтті. 

Филология факультетінің ұйымдастыруымен өткен мәдени іс-шара кейіпкері – 85 жылдық тарихы бар педагогикалық білім берудің қарашаңырағына айналған оқу ордасының 1961-65 жылдардағы түлегі.

Сахна төрінде факультет студенттерінен құралған «Сыр» әдеби бірлестігі ақын жырларын оқыды, әндерін әуелете шырқады. Шығармаларынан сахналық қойылымдар көрсетті. Жиылған көпшілік көңіліне жол тартқан өресі биік жастардың өнерлері тыңдармандарға ұмытылмас жарқын эмоция мен эстетикалық ләззат сыйлады.

Фототілші Береке Сейітжаппар