ЖАҚСЫ АДАМ ҒАНА ЖАҚСЫ ҰСТАЗ БОЛА АЛАДЫ…

     Бүгін 30-қараша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерейтойына орай оқу ордасының «Қазына» корпусында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Клара Қаражігітова атындағы «Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі» №312 аудиториясының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

     Салтанатты рәсімге университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева және филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, ұстаз-ғалымдар мен шәкірттер қатысты. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ілесхан Сманұлы Клара Нұрмұхамбетқызының ізгілікті педагогикалық жолы туралы айрықша естеліктермен бөлісіп, шәкір тәрбиелеудегі ерен еңбегін атап өтті.

      Шәкірттері атынан профессор міндетін атқарушы Шолпан Арзымбетова сөз алып, кафедра ұжымы мен университеттегі білімгерлерді даярлаудағы ұлағатты ұстаздың дара жолын баяндап, қошеметін білдірді. Әріптестері Дина Әбішевна, Сара Акзамовна секілді ардагер ұстаздар да ізгі тілектерін білдіріп, болашақ педагог мамандарға ұлағатты өсиеттерін жеткізді.

     Мерейлі мерзімдегі осындай елеулі іс-шаралардың бастама алғандығы оқу орнындағы қызметкерлер мен студенттердің педагогикалық іс-әрекетке белсенділігін жоғарылату болып отырғандығы екендігі тағы да бір өз дәлелін тапты.