«МИФ САБАҚТАРЫ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» атты ғылыми-әдістемелік семинары өтті

Бүгін 29-қараша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде физика-математика факультетінің ұйымдастыруымен «МИФ САБАҚТАРЫ: БАСЫМДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ» атты ғылыми-әдістемелік семинары өтті. Факультет деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты Альмира Ибашованың модераторлығымен өткен семинарға ОҚМПУ ұстаз-ғалымдары мен мектеп мұғалімдері, студенттер мен магистрант, докторант жастар қатысты.

3-секциялық мәжілістен құрылған отырыстарда математика, физика және информатика пәндерінде заманауи технологиялар, жаңашыл бағдарламаларды қолданудың тиімді әдістері, оқушыны ашық әрі шынайы бағалау мәселелері тереңінен қозғалды.

Академиялық білімді және дағдыны бағалау жүйелері мен мектепте математиканы оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту дағдылары бойынша әріптестер пікір алмасты, тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Айна Кудышева қатысушыларды марапаттап, еңбектеріне алғыс білдірді.