«Тұғыры биік – ОҚМПУ» видеоролик конкурсы

 

      Университетіміздің 85 жылдығына орай және «Ғылым жылы – 2022» аясында Білім алушылар арасында «Тұғыры биік – ОҚМПУ» атты  видеоролик конкурсы ұйымдастырылады. ОҚМПУ туралы 3 минуттық видеролик түсіріп, ноутбук, планшет және телефон секілді жүлделі сыйлықтардың иегері болыңыз. Конкурс жеңімпаздары видеороликтің мазмұны мен лайк, сондай-ақ қаралым  және комментарий арқылы анықталады. Конкурс 2 желтоқсан 2022жылға дейін жалғасады. Конкурстың басты талабы instagram және facebook желісіндегі @okmpu_gylym, @rector_okmpu, @okmpu.kz парақшаларына жазылып, бізді өз видеоролигіңізге белгілеу. Аккаунт конкурс кезінде ашық болуы қажет. Толық ақпаратты Ғылыми зерттеулер офисінен (223 кабинет, «Шаңырақ» ғимараты) біле аласыздар.

         Сәттілік, достар!