ОҚМПУ мен Математика институты арасындағы келісім

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Махмұд Садыбеков өзара бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қойды.

Осы меморандум аясында өзара тиімділік пен тәуелсіздікті құрметтеу қағидаттарына сүйене отырып, Академиялық кеңестер ұйымдастыру, мамандар мен профессор оқытушылар құрамын тарта отырып ғылыми зерттеулер жүргізу және ОПҚ үшін бірлесіп ұйымдастырылған біліктілікті арттыру курстары өткізіледі.

Сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі, оның ішінде мемлекеттік, халықаралық, қоғамдық және жеке қорлар мен ұйымдар жариялаған гранттарға бірлесіп қатысу, ғылыми ақпаратпен, жарияланымдармен, материалдармен және біліммен алмасу бойынша және де ғылыми зерттеулер үшін ғылыми орталықтар мен ғылыми зертханаларға қолжетімділікті ұйымдастыру жұмыстары алдағы уақытта жүзеге асатын болады.