Қазақстан дамуындағы түбегейлі жаңа саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды айқындаған – Жолдау

2022 жылғы 7 қыркүйек, сағат 16:30-да ОҚМПУ, «Шаңырақ» ғимаратының, «Қазақстан» мәжіліс залында Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор Баршагүл Исабектің модераторлығымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 1-қыркүйек күнгі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау, түсіндіру мақсатында ОПҚ және студент жастармен «Қазақстан дамуындағы түбегейлі жаңа саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды айқындаған – Жолдау» тақырыбында жиын өтті.

Жиын барысында «География» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Темирова Жаннат Жамбуловна «Еліміздің тұрақты экономикасын дамыту мен оның әлеуметтік сипатын арттырудың жаңа бағыттары» тақырыбы аясында баяндама оқыды. «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті м.а, т.ғ.к. Мамраимов Серікбай Дулатұлы: «Қазақстан саяси және экономикалық жаңару жолында», «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Айтай Бахадүр Сатыбалдыұлы: «Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жаңғырту», «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, саясаттану магистры Қылышбаев Арман Диханович: «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тақырыптарында өз баяндамаларымен жолдаудың саяси және экономикалық аспектілеріне терең тоқталып өтті. Президенттің білім саласына жасаған реформаларын болашақ ұстаздарға кеңінен түсіндірді.

Білімгерлер атынан 2-курс студенті Әділбекова Ақсезім жарыс сөзге шығып Жаңа Қазақстанды құру - жастардың қолында екенін ескертіп, Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақыратынын айтты.