«КазРобоСпорт-22» робототехника жарысы өтті

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Шымкент қаласының «Дарын орталығы», «ҚазРоботикс» федерациясы және оқу орнының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында өтетін қалалық «КазРобоСпорт-22» робототехника жарысы болып өтті. ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаева жас өрендерге сәттілік тілеп, жарыс барысын тамашалады.

«KazRoboSport - 2022» Республикалық байқауының мақсаты – Робототехниканың цифрлық технология экономиканың дамуында, әлеуметтік саланың жақсаруында маңызды роль атқаратынын оқушыларға түсіндіру. Баланың бүлдіршін кезінен ақылының ұшқырлығын, кез-келген затты, оқиғаны талдай білуі машығын, бойындағы тұлғалық сапаны қалыптастыру.

Бүгінгі жарысқа 45 команда, яғни 85 оқушы қатысты. Батыс Қазақстан облысы Орал қасындағы Дарынды баларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Марс Мақсот бас төрешілік етті. Қазылар алқасының құрамында ҚРҚК кеңес одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы ШР «Жас ұлан» мектебінің физика пәнінің мұғалімі Гулбану Сулейкулова, Түркістан облысы Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының ОҚІЖО Сакен Далмырзаев, Robo Park техникалық білім беру орталығының директоры Абзал Алибеков те бар. №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Тастанбек Беклан мен Қазақстандық спорттық және білім беру робототехникасы «Казроботикс» федерациясының президенті Жекеева Айжанның ұйымдастырушылық шеберлігін шыңдаған кезекті жарыс жоғары деңгейде өткізілді.

Жаңа технология жаңа заман бағытын негізге ала отырып өткізіп жатқан жарыстың сапасы жылдан жылға жоғарылап келеді, оқушылардың Робототехника саласына деген қызығушылықтары өте жоғары.