Балалар мен жастардың дарыны мен қабілетін дамыту құралы ретіндегі әлеуметтік әріптестік

Шымкент қаласының «Дарын» орталығында «Балалар мен жастардың дарыны мен қабілетін дамыту құралы ретіндегі әлеуметтік әріптестік» атты Республикалық семинар өтуде. «Дарын» өңірлік орталықтары мен мемлекеттік орган өкілдері қатысатын бұл семинар мақсаты – Қазақстандық оқушылардың дарыны мен қабілетін дамытудағы инновациялық жобаларды талқылау болып табылады.

Жиынның бүгінгі бағдарламасында көрсетілгендей семинар қатысушылары 85 жылдық тарихы бар ұстаздар ұстаханасы – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне келді. Құрметті қонақтарды әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор міндетін атқарушы Ербол Шаланов пен оқытушы-профессорлар құрамы қарсы алды. Оқу ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды, қазіргі жағдайы мен келешектегі даму перспективалары, ғылыми жобалар, инфрақұрылымдық өзгерістер туралы жалпы мәлімет берді.

Рухани жаңғыру және тәрбие бөлімінің басшысы Қайрат Анарбаев студенттердің қазба жұмыстарында табылған көне жәдігерлер музейі жайлы мағлұмат беріп, қонақтар оқу кешендерін аралап, оқу-зертханалық базасымен де танысты.