КОНФЕРЕНЦИЯҒА ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

 

             "АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ФЕНОМЕНІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ КӨКЖИЕГІ" тақырыбында ОҚМПУда өткен халықаралық ғылыми конференцияға Шымкет қаласы Білім басқармасына қарасты Ақселеу Сейдімбек атындағы ✓80 lТ мектеп-лицейінің 5 "У" сыныбының оқу озаты Шәмшідін Аяла Ғалымжанқызы қатысты. Аяла Ғалымжанқызы гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша "Әкемнің ғылымдағы бір күні" тақырыбындағы ғылыми жоба аясында зерттеулер жүргізуде. Ол конференцияда Түркия, Қырғызстан Республикаларынан және отандық ЖОО-нан келген ғалымдармен, сондай-ақ университет Ректорымен танысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Озат оқушы мектепті тәмамдаған соң ОҚМПУды таңдап, ғылыми бағыты бойынша үлкен жұмыстар атқаратын ниетін де жеткізді.